Accessibility links

Медведев Сирияда


Ресей президенті Дмитрий Медведев дүйсенбі күні Сирияға барды. Медведев Дамаскіде Сирия президенті Башар әл-Ассадпен кездеседі. Екі ел жетекшілерінің келіссөздерінде экономикалық және әскери-техникалық ынтымақтастық пен Таяу Шығыстағы бейбітшілік мәселесі талқыланады. Медведев Сирияны Таяу Шығыстағы маңызды саяси ойыншы деп атады.

Ресей Таяу Шығыста бейбітшілік орнатуды көздейтін халықаралық квартеттің мүшесі боп табылады.

Ресей президентінің көмекшісі Сергей Приходконың мәлімдеуінше, Медведев Сириядан кейін сейсенбі күні Анкараға екікүндік сапармен барып, Түркия басшыларымен кездеседі.
XS
SM
MD
LG