Accessibility links

Ұлыбритания премьер-министрі қызметінен кетеді


Ұлыбритания премьер-министрі Гордон Браун қызметінен әрі лейбористер партиясының жетекшілігінен кететіндігін мәлімдеді. Браун алдағы қыркүйек айында өтетін партияның жиынында орнына келетін адамның есімі белгілі болатындығын айтты.

Премьердің мәлімдеуінше, лейбористер мамырдың 6-сы күні өткен парламенттік сайлауда үшінші орынды иеленген либералды демократтар партиясымен келіссөздер жүргізіп жатыр. Сайлауда консерваторлар партиясы жеңіске жетіп, парламенттегі орынның басым көпшілігіне қол жеткізді.

6 мамырда өткен парламент сайлауында бірде бір партия басымдылықпен жеңіске жеткен жоқ еді. Либералды демократтардың қолдауынсыз консерваторлар да, лейбористер де үкіметті жасақтай алмайды.

AzattyqTV

Қырғызстан

Әзиздің арманы

XS
SM
MD
LG