Accessibility links

Британияда жаңа үкімет туралы маңызды келіссөздер жалғасып жатыр


Британиядағы екі қарсылас партия Либералды демократтар партиясымен жаңа үкімет құру жөніндегі келіссөздерін өткізіп жатыр. Мамырдың алтысындағы сайлауда оппозициялық консерваторлар дауыстың басым бөлігіне ие болды, бірақ үкіметті құру үшін парламенттен жеткілікті орын ала алмады. Консерваторлар мен премьер-министр Гордон Браунның лейбористер партиясы сайлауда үшінші орынды иеленген Либералды демократтар партиясымен үкіметті жасақтауға келіспекші.

Дүйсенбі күні Гордон Браун қызметінен кететіндігін жариялады. Либералды демократтар партиясының жетекшісі Ник Клегг Браунның шешімін "билікті бөлісу мүмкіндігі жөніндегі келіссөздер үшін өте маңызды" деп атады.
XS
SM
MD
LG