Accessibility links

Киевте мыңдаған адам шеруге шықты


Украина оппозициясының 2 мыңға жуық қолдаушысы бүгін парламент ғимараты жанында наразылық шарасын өткізді. Олар президент Виктор Януковичтің Ресеймен арадағы байланыстарды нығайту жөніндегі саясатына наразылық танытты. Киевте жиналған халық "Янукович, Украинаны сатуды тоқтат" деген ұранмен шеру өткізіп, Украина туын ұстап шықты.

Януковичке қарсы наразылық шарасын өткізуге бұрынғы премьер-министр Юлия Тимошенко шақырған болатын. Оппозиция белсенділері Украинадағы Ресейдің әскери-теңіз базасының жалдау мерзімін тағы 25 жылға созу туралы келісімге қарсылық танытып отыр.

Сейсенбі күні парламенттің сыртында Януковичтің жүздеген қолдаушысы да шеру ұйымдастырды.
XS
SM
MD
LG