Accessibility links

Ресейде шахта жарылысынан 47 адам мерт болды


Ресейдің Кемеров облысындағы «Распадская» шахтасындағы жарылыстан қаза болғандардың саны кемінде 47-ге жетті. Елдің төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің мәліметінше, 43 кеншінің тағдыры әзірге белгісіз. Премьер-министр Владимир Путин Кемеров аймағына барды деп хабарлады.

Сенбі күні түнде шахтадағы алғашқы жарылыстан кейін 350-ден астам кенші жер астында қалған еді. Құтқарушылар кеншілерді жер астынан шығаруға көмектесуге барған кезде екінші жарылыс болып, бірнеше құтқарушы жер астынан шыға алмай қалды.

Қазір шахтадағы жарылыстарға байланысты тергеу ісі жүріп жатыр.
XS
SM
MD
LG