Accessibility links

Ауғанстанда 2 НАТО сарбазы қаза тапты


Ауғанстанның оңтүстігіндегі бомба жарылысынан НАТО-ның екі сарбазы қаза тапты. Құрбан болғандардың азаматтығы туралы мәлімет берілмеді.

Ауғанстанның оңтүстік өлкелерінде негізінен АҚШ, Британия, Канада, Голландия, Дания және Эстония мемлекеттерінің сарбаздары орналасқан.

Басқа да хабарларға қарағанда, НАТО мен ауған күштері Хелманд өлкесінің Сангин ауданында 18 бүлікшіні өлтіріп, алтауын қамауға алған. Бұл туралы Ауғанстанның ішкі істер министрлігі мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG