Accessibility links

Қырғызстан сәуірде қаза болғандарды еске алып жатыр


Бүгін Қырғызстанда сәуірдің 6-8 күндері болған толқулар барысында қаза болғандарды еске алу шарасы өтіп жатыр. Сәрсенбі күні таңертең уақытша үкімет өкілдері мен қайтыс болғандардың туған-туыстары, барлығы 500-ден аса адам "Ата-Бейит" зиратының басында құран оқытты.

Бішкектегі Үкімет үйінің алдында бірнеше киіз үй орнатылыған, онда күн сайын он мыңдаған адам қаза болғандарды еске алуға келіп кетеді.

Сәуірдің басында билік пен оппозиция жақтастарының арасында болған қақтығыстан 86 адам қаза болды. Биліктен қуылған президент Құрманбек Бакиев наразылық танытушыларға қарсы жасалған әрекеттер үшін айыпталып отыр.
XS
SM
MD
LG