Accessibility links

Латвия Бакиевтің ұлын іздеп жатыр


Латвия полициясы биліктен қуылған қырғыз президенті Құрманбек Бакиевтің ұлын бүгін ресми түрде іздей бастады. Латвия ішкі істер министрі Линда Мурниес журналистердің алдында сөйлеген сөзінде Қырғысзтанның уақытша үкіметінің ресми өтінішіне орай Максим Бакиев іздестіріліп жатыр деп мәлімдеді.

Жемқорлықта айыпталып отырған Максим Бакиев Латвияда жүр деп хабарланған еді. Уақытша қырғыз биілігі Латвиядан Максим Бакиевті экстрадициялауды сұрады.
XS
SM
MD
LG