Accessibility links

Бүгін Нидерландта - аза тұту күні


Нидерлендта бүгін әуе апатынан қаза болғандарды аза тұту күні.

Сәрсенбі күні Ливияның маңындағы Триполи қаласында құлаған ұшақтың бортында 104 адам опат болды. Соның кем дегенде 61-і - нидерландықтар

Ұшақ апатынан нидерландық 10 жасар бала аман қалды. Оның екі аяғы қатты зақымдалған. Дәрігерлер оған Триполи ауруханасында операция жасады. Қазір баланың жағдайы жаман емес.

Оңтүстік Африкадан келген ливиялық ұшақ Триполиден кейін Лондонға аттануы тиіс болатын. Ұшақ апатына не себеп болғаны әзірше белгісіз.

Нидерландтағы аза тұту күніне орай үкімет маусым айында өтетін парламенттік сайлау алды шараларын тоқтата тұрмақ.
XS
SM
MD
LG