Бүгін Қазақстан парламенті депутаттары Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ұлт көшбасшысы мәртебесін беруді қарастыратын заң жобаларын бірауыздан мақұлдады.
Құжатта мемлекет басшысының президенттік қызметте болған кезде жасаған іс-әрекеттері үшін жауапқа тартылмайтындығы айтылған. Сондай-ақ оны ұстауға, қамауға алуға, тінтуге, жауап алуға немесе жеке басын тексеруге болмайды.
Одан өзге, заң жобасы бойынша Қазақстанның тұңғыш президентін көпшілік алдында қорлағаны және абыройы мен қадір-қасиетіне өзгедей қол сұққаны, суретін бүлдіргені, заңды қызметін атқаруына кедергі келтіргені үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленеді.
Парламент қабылдаған бұл заң президенттің қол қоюына жіберіледі.