Accessibility links

Барак Обама бейбіт ауғандықтар өлімін азайтуға уәде берді


АҚШ президенті Барак Обама Құрама Штаттар атынан Ауғанстандағы бейбіт тұрғындардың қаза болуы мен жаралануын мүмкіндігінше азайтуға уәде берді.

Пентагонның жариялаған мәліметі бойынша, осы жылдың алғашқы төрт айында АҚШ пен НАТО әскерилері 90 бейбіт тұрғынның өліміне себепкер болған. Ал өткен жылдың осы мерзіміндегі көрсеткіш 51 адамның көз жұмғандығын көрсетті.

Вашингтонда Ауғанстан президенті Хамид Карзай мен АҚШ президенті Барак Обама бас қосқан баспасөз маслихатында Обама ауғандық бейбіт тұрғындарының қазасы туралы ақпарат өзін қатты қынжылтатынын айтты.
XS
SM
MD
LG