Accessibility links

Бакиев жақтастары Ош әкімшілігін күшпен басып алды


Қырғызстанда биліктен тайдырылған президент Құрманбек Бакиевтің жақтастары Ош қаласындағы облыстық әкімшілік ғимаратын күшпен басып алды.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, облыстың бұрынғы губернаторы Мамасадық Бакиров өзі отырған кеңсеге кірді, ал қазіргі губернатор Сооронбай Жээнбеков күзетшілерімен бірге ғимаратты тастап кетті. Милиция әкімшіліктегі іс-әрекеттерге араласпады, оқиғаны сырттан бақылап тұрды.

Бүгін Ош әкімшілігі алдындағы алаңға 500-ге жуық адам жиналды. Олар Мамасадық Бакировтің қызметін қайтаруын, Құрманбек Бакиевтің Қырғызстанға қайта оралуын талап етті.
XS
SM
MD
LG