Қырғызстандағы “Мекен шейиттери” қозғалысының 20-ға жуық өкілі бүгін Бішкектегі Беларус елшілігінің алдында пикет ұйымдастырды деп хабарлады Азаттық тілшісі. Олар Беларус президенті Александр Лукашенкодон сәуірдегі ереуілдер кезінде биліктен тайдырылған қырғыз президенті Құрманбек Бакиевті ұстап беруін талап етті.
Қозғалыс жетекшісі Арстанбек Сагындыков Беларустен оң жауап келмейінше елшілік алдындағы пикет апта сайын ұйымдастырылады деп мәлімдеді.
Қырғызстанда сәуірдегі халық көтерілісі барысында 86 адам қаза тауып, мыңдаған кісі жараланды. Уақытша үкімет Бакиевті қанды оқиғаға қатысы бар деп айыптап отыр.