Accessibility links

Желалабадта ауғандар Иранға қарсы шеру өткізді


Бейсенбі күні Ауғанстанның Желалабад қаласында бір мыңға жуық адам Иран үкіметінің ауған босқындарын қорлайтын іс-қимылына қарсы наразылық шеруін өткізді. Олардың айтуынша, Иранға босып келген ауғандықтарды есірткі сатушылар деп қабылдап, қорлық көрсетеді, кейбірін тіпті өлім жазасына кеседі.

Шеруге шыққан жұрт Иран елшілігі алдына жиналып, ғимаратты жұмыртқамен атқылады, Иранның рухани көсемі Аятолла Әли Хаменеидің суретін өртеді.

Сонау совет басқыншылығы кезінде және 1990-жылдардағы азамат соғысы уақытында миллиондаған ауғандық Иранға босып кеткен. Солардың кейбіріне есірткі саудасымен айналысты деген айып тағылды.

Жуырда Иран үкіметі бірнеше ауғандықтың есірткі сатты деген айып бойынша өлім жазасына кесілгенін мойындады. Тағы жүздеген ауған босқыны өлім жазасын күтіп отыр деген дерек бар.
XS
SM
MD
LG