Accessibility links

Беларусь Бішкектегі елшісін кері шақырып алды


Қырғызстандағы Беларусь елшісі Виктор Денисенко Минскіге консультациялар үшін кері шақырып алынды, ал елшілік қызметкерлері СІМ орталық аппаратының қарамағына іссаппарға жіберілді. Бұл туралы Беларусь Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Андрей Савиных мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұл - уақытша сипаттағы мәжбүрлі шара. "Біз бұл қадамға қызметкерлеріміздің өмірі мен денсаулығына төнген қатерге байланысты бардық" деді министрлік өкілі.

Жағдай тұрақтана сала Беларусь дипломаттары міндеттерін атқаруға қайта кіріседі.

Соңғы аптада Бішкектегі Беларусь елшілігінің алдында Бакиевті Қырғызстанға қайтаруды талап еткен бірнеше наразылық акциялары өтті.

XS
SM
MD
LG