Accessibility links

Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында бесінші орынды иеленді


Үндістан астанасы Нью-Делиде өткен грек-рим күресінен Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 1 күміс, 2 қола медель иеленіп, жалпы командалық есеппен бесінші орынға табан тіреді.

Мамырдың 15 күні Марат Гарипов (55 кг) қола, ал Айбек Еңсеханов (66 кг) күміс медаль алды. Халықаралық жарыстың соңғы күні алаңға шыққан Марғұлан Әсембеков (96 кг) үшінші орынға ие болды.

Командалық есеп бойынша бірінші орын - Оңтүстік Корея, екінші орын - Қытай, үшінші орын - Үндістан, төртінші орын Иран құрамасына бұйырды.
XS
SM
MD
LG