Accessibility links

Бішкекте сәуір төңкерісі құрбандарына ескерткіш қойылады


Бүгін Бішкекте «Медиафорум» ғимаратының алдында сәуірдің 7 күні қаза болғандарға 40 күн толуына орай митинг өтіп жатыр. Жуық арада ғимарат алдындағы алаңда сәуір төңкерісінің құрбандарына арнап ескерткіш орнатылмақ.

Сәуірдің 7 күні «Медиафорум» ғимаратының алдына мыңдаған адам жиналып, әлеуметтік-экономикалық және саяси талап қойды. Оларды тарату үшін күш қолданып, екі арада қақтығыс туды. Соның кесірінен бір жарым мың адам жарақаттанып, 86 адам қаза тапты.

XS
SM
MD
LG