Accessibility links

Ақшасын талап еткен үлескер "кран мұнарасынан құлап өлем" деп мәлімдеді


Астанада «HAS-ER.KZ» құрылыс компаниясының үлескері Гүлзейнет Абылова компания өзіне тиесілі 24,5 миллион теңгесін қайтармаса кран мұнарасынан құлап өлетіндігін мәлімдеді. Қажымқан Мәсімовтың иелігіндегі «HAS-ER.KZ» компаниясы Шымкент маңында коттедж қалашығын салуды жоспарлаған.

Үлескер отырған құрылыс краны Астанадағы Қазақстан парламенті депуттары тұратын "Нұр-Сая" тұрғын үй кешенінде орналасқан.

"Мен тек өзіме тиесілі ақшамды қайтаруды талап етемін. Кеше түнде осында келдім. Егер бүгін маған премьер-министрдің әкесі мен компанияның директорлары келіп, ең болмаса ақшамның жартысын қайтарып бергенше мен осында отырамын. Ол талабымды орындамаса, құлап өлемін", - деді Азаттыққа кранның үстінде отырып сұхбат берген үлескер.

Қазір оқиға орнына құқық қорғау органдарының қызметкерлері, жедел жәрдем мен өрт сөндіру қызметінің мамандары келіп жетті.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG