Accessibility links

Медведев Киевке барады


Ресей президенті Дмитрий Медведев бүгін Киевке екікүндік сапармен барады. Келіссөздер барысында Ресейдің "Газпром" мен Украинаның "Нафтогаз" құбыр желісін қосу туралы Мәскеудің ұсынысы талқыланады. Еуропаға арналған газдың 80 пайызы осы құбыр арқылы өтеді.

Украина президенті Виктор Янукович Ресей премьер-министрі Владимир Путиннің ұсынысына алғашында таң қалғанын мәлімдеді.

Ақпан айындағы сайлаудан кейін Янукович билікке келгелі бері Киев пен Мәскеу қарым-қатынастары жақсара бастады. Оппозиция Януковичті елдің егемендігіне қауіп төндіруде деп айыптады.
XS
SM
MD
LG