Accessibility links

Грекияға дағдарыстан шығуға көмек несиесі бөлінді


Грекияны қаржы дағдарысынан шығару мақсатында бөлінген несиенің алғашқы бөлігі аударылды. Экономика және валюта мәселелері жөніндегі еурокомиссар Олли Реннің хабарлауынша, Еуропалық Одақ пен Халықаралық қаржы қоры Афиныға шамамен 20 миллиард евроны бөледі.

Грекияның бюджет тапшылығы мен сыртқы қарызы көбейіп кетті. Еуропалық Одақ пен Халықаралық қаржы қорынан 110 миллиард евро көмек алу үшін Афины ел ішінде қаржыны реттеу жөнінде қатаң іс-шаралар қабылдауға мәжбүр болды.

Үкіметтің әлеуметтік төлемдерді азайтып, салықты көбейтуі Грекияда тұрғындардың наразылығын күшейтті.
XS
SM
MD
LG