Accessibility links

Таиланд оппозиция өкілдері билікпен келіссөз өткізуге келісті


Таиландта өтіп жатқан билікке қарсы наразылық акциясының қатысушылары Таиланд сенаты арқылы билікпен келіссөздер жүргізуге келісті.

Оппозиция жетекшісі Натавут Сайкуардың сөзінше, олар Сенат спикерінің бұл істе делдал болу туралы ұсынысын қабылдаған.

Таиландта өткен бейсенбіден бері наразылық шарасы мен жаппай толқулар болып жатыр. Бангкокте 36 адам қаза болып, 250-ден аса адам жарақат алды.
XS
SM
MD
LG