Accessibility links

Кабулда жанкештінің шабуылынан 3 адам қаза тапты


Ауғанстан астанасында бір жанкешті кемінде 3 адамды өлтірді. Сейсенбі күнгі жанкештілік шабуыл НАТО көлігіне бағытталған делінеді. Ресми мәліметтерге қарағанда, қаза тапқандардың үшеуі де - қарапайым ауған азаматтары. Кабулдың батысындағы үкімет ғимараттарына жақын жерде болған шабуылдан 20-дан астам адам жарақат алды.

Бұл оқиғаға байланысты тергеу ісі басталды.
XS
SM
MD
LG