Accessibility links

Қырғызстанда сәуір оқиғасынан қаза болғандардың саны 87 адамға жетті


Қырғызстанда сәуірдің 6-сы мен 8-і аралығында өткен наразылық акциясындағы қақтығыстан қаза болғандардың саны 87-ге жетті. Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министірінің міндетін атқарушы Дамира Ниязалиева мәлімдеді.

Оның айтуынша, сәуірдегі қақтығыста 1 622 адам жарақаттанып, 511 адам ауруханаға жеткізілген. 85 адам әлі күнге дейін ауруханада жатыр. Жағдайы аса ауыр төрт адам Мәскеуде ем қабылдап жатыр.
XS
SM
MD
LG