Accessibility links

Латвия қазақ тілінің мультимедиялық оқулығын шығарды


Қазақ тілін тездетіп үйрететін тұңғыш мультимедиялық бағдарламаны Латвиялық «M.A.R.I.D.I.» IT-компаниясы шығарды. Бұл туралы компанияның басқарма төрағасы Александр Обулевич мәлімдеді. Оның айтуынша, қазақ тілін өздігінен үйрету құралын жасау туралы шешім Латвия президенті Валдис Затлерстің 2008 жылы Қазақстанға жасаған сапары барысында қабылданған.

«Бағдарламаны әзірлеуде аудармашылар, белді қазақ тілді сарапшылар қатысты. Біз жасаған барлық тіл бағдарламаларын сол тілде сөйлейтін мемлекет мамандары, сондай-ақ психолог-сарапшылар бағалайды», - деді А.Обулевич сейсенбі күнгі таныстырылымында.

Оның айтуынша, дискінің құны - 190 еуро. Жобаны Қазақстан қаржыландырған.

Қазақ тілін оқып-үйрену тек аудиофайлдар мен тақырыптық мәтіндерді ғана емес, осыларға байланысты сурет және бейне сюжеттерді пайдалау арқылы оқылады.

Бағдарламаның лексикалық қоры 13,5 мың сөзден тұрады. Оқулық бірнеше бөлімнен - бизнес терминдері мен ауызекі сөйлеу сөздіктері, бухгалтерия мен іс жүргізу арнайы лексикасынан тұрады.
XS
SM
MD
LG