Accessibility links

Түрмедегі ирандық режиссер аштық жариялады


Түрмеде отырған ирандық режиссер Жафар Панахи өзінің қамалуына наразылық танытып, аштық акциясын бастады. Ирандағы оппозициялық веб-сайттардың хабарлауынша, Панахидің әйелі күйеуімен телефон арқылы сөйлесіп, жексенбі күні режиссердің түрмеде аштық шарасын бастағанынан хабардар болған. Халықаралық сыйлықтардың иегері Панахи адвокатпен және отбасымен кездестіруді талап етіп отыр.

Наурыз айында қамауға алынған Панахи өткен жылғы даулы сайлауда оппозиция жетекшісі Мирхоссейн Мусавиді қолдаған. Режиссер Панахи Канн кинофестиваліндегі қазылар алқасының мүшесі болуы тиіс еді. Бірақ тұтқындалғандықтан Францияға бара алмады.
XS
SM
MD
LG