Франция үкіметі қоғамдық орындарда мұсылман әйелдерінің бет-жүзді жасыратын бас киіммен жүруіне тыйым салатын заң жобасын мақұлдады. Ол заңға айналса, оны бұзған кез келген адам 150 еуро айыппұл төлеуі тиіс. Қыз-келіншектің ниқаб киюіне мәжбүрледі деп танылған кез келген азамат бір жылға бас бостандығынан айырылып, 15 мың еуро айыппұл төлеуі мүмкін.
Президент Николя Саркозидің консервативті үкіметі ұсынып отырған заң жобасы парламенттің төменгі палатасында шілде айында, ал Сенатта қыркүйек айында талқыға түседі.
Президент Николя Саркозидің консервативті үкіметі ұсынып отырған заң жобасы парламенттің төменгі палатасында шілде айында, ал Сенатта қыркүйек айында талқыға түседі.