Accessibility links

Қырғызстан: Жалалабад тынышталды


Қырғызстанның оңтүстігіндегі Жалалабад қаласындағы ахуал бірқалыпқа келді. Ол туралы Ішкі істер министрлігіндегі ақпарат көзін сілтеген «Интерфакс» агенттігі хабарлады.

Қаланың ипподромы мен «Халықтар достығы» университетінің маңындағы митингілер ешкім жапа шекпей аяқталды,

Өткен сәрсенбі күні Жалалабадтағы ұлтаралық қақтығыстың салдарынан 2 кісі қаза тапты. Қалаға төтенше жағдай жарияланып, комендант сағаты орнатылды.

Биыл Қазақстан төрағалық ететін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Қырғызстандағы өзара текетірескен күштерді ахуалды ушықтырмауға шақырды.
XS
SM
MD
LG