Accessibility links

Пхеньян санкцияға «соғыспен есе қайтарамын» деп ескертті


Оңтүстіккореялық соғыс кемесінің апатқа ұшырау себептері туралы Сеулде арнайы баяндама шыққан соң, бейсенбі күні ресми Селдің ізінше тағы бірнеше ел Солтүстік Кореяны айыптады.

Англия Солтүстік Кореяның соғыс кемесін зымыранмен атып жоюы «адамның өмірін тіпті есепке алмайтынын» аңғартады десе, Аустралия бұл оқиғаны «жауыздық әрі еш себепсіз қылық» деп жазғырды.

Өз кезегінде Жапония Оңтүстік Кореяның соғыс кемесіне жасалған шабуыл Солтүстік Кореямен арадағы оның ядролық бағдарламасы бойынша келіссөзді қайта жалғастыруды екіталай етеді деп ескертті.

Ресми Пхеньянның атына айтылған осы сындарға Вашингтон да қосылды.

Коммунистік Солтүстік Корея Сары теңіздегі соғыс кемесінің апаты мен 46 теңізішінің қазасына қатысы барлығын теріске шығарып, өзіне қарсы қабылданатын жаңа санкцияларға «толыққанды соғыс қимылдарымен есе қайтаратынын» мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG