Accessibility links

АҚШ-тың ұлттық барлау басшысы отставкаға кетеді


Құрама Штаттардың ұлттық барлау директоры Дэннис Блэр отставкаға кететіндігін жариялады. Әріптестеріне жазған хатында Блэр 28-ші мамырда қызметін аяқтайтындығын хабарлаған.

Блэрдің отставкасы туралы ақпарат тарардан екі күн бұрын сенаттың американдық барлау мекемелерін сынаған баяндамасы жарияланған болатын.

Блэрді бұл қызметке осыдан 16 ай бұрын президент Барак Обама тағайындаған еді.
XS
SM
MD
LG