Accessibility links

АҚШ-тың Ұлттық барлау директоры қызметінен кетеді


Біздің тілшіміз хабарлағандай, Дэннис Блэр өз міндетінен 28 мамыр күні бас тартатынын қол астындағыларға жазбаша түрде хабарлаған.

Президент Барак Обама тағайындаған Блэр бұл лауазымында 16 ай қызмет істеді.

Демалысқа шыққан адмирал Блэр - Ұлттық барлаудың үшінші директоры. Бұл лауазым 2001 жылдың 11 қыркүйегінде Нью-Йорк пен Вашингтонға жасалған шабуылдан кейін құрылды.

Блэр АҚШ-тың 16 барлау мекемесінің жұмысын бақылаған кезеңінде Орталық барлау басқармасының директоры Леон Панеттамен бәсекелескені байқалды. Атап айтқанда, жер-жерден барлау мәліметін жинау Орталық барлау басқармасы тыңшыларының міндеті болып қалса да, Блэр АҚШ-тың шетелдердегі елшіліктеріне өзінің жеке өкілдерін тағайындау құқын беруді талап етіп келді.

Деннис Блэрдің қызметтен кететіні туралы алғаш хабар – Американың барлау мекемелерінің салғырттығы салдарынан нигериялық Абдулмуталабтың АҚШ әуе кемесіне мініп, оны жармақ болды-ау деген күдік бойынша Сенат баяндамасы жарияланған күннің ізінше шықты.
XS
SM
MD
LG