Accessibility links

ЕО еуроны қорғау үшін арнайы қор құрады


Жұма күні Еуропа Одағының қаржы министрлері тағы да Еуропаның ортақ валютасы – еуроның тұрақтылығын сақтау шараларын талқылау үстінде.

Грекиядағы ауыр қаржы дағдарысы еуроның тұрақтылығына теріс әсер етіп отыр.

Грекиядай проблеманы болдырмау үшін еуроаумаққа кіретін өзге елдерде 750 миллиард еуроны құрайтын арнайы қор құру жоспарланған. Ол жоспарды жұма күні Германия парламенті мақұлдауға тиіс.

Неміс канцлері Ангела Меркель ЕуроОдақтың қаржы және бюджет ережелерін бұзған елдерге міндетті түрде жаза қолдануға шақырды.
XS
SM
MD
LG