Accessibility links

Минск Қ.Бакиевті ұстап беру туралы сұрау алды


Беларустің Бас прокуратурасы Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бакиевті ұстап беру туралы сұраудың түпнұсқасын алды. Қырғызстанның жаңа билігі өз шешімімен оны президент иммунитенінен айырған болатын.

Қырғызстанда Бакиевтің үстінен бірнеше қылмыстық іс, оның ішінде «жаппай кісі өлтірді» деген бап бойынша іс қозғалды. Оған сәуірдің басында Бішкектегі халық толқуы кезінде 80-нен астам адамның қазасы үшін айып тағылды.

Қ.Бакиев 19 сәуірден бері президент А.Лукашенконың шақыруымен Беларусті паналап отыр. Лукашенко Бакиевті Қырғызстанға ұстап бермейтінін мәлімдеді.
Беларустің заңы бойынша, ресми Минскі өзі саяси пана берген адамды ұстап бермеуге құқылы.

Алайда, Бакиевтің өзі Минскіде өткізген баспасөз-маслихатында Беларустен саяси пана сұрайтын да, елге оралатын да жоспарының жоқтығын мәлімдеді.

Бакиевтің Беларустің қай жерінде жүргені белгісіз. Тілшіміздің хабарлауынша, экс-президент өзінің отбасымен Витебск облысындағы қатаң күзетілетін бір әскери санаторийде көрінеді.
XS
SM
MD
LG