Accessibility links

Берлин еуроны қорғайтын қор құруға қатысады


Жұма күні Германия парламентінің төменгі палатасы - Бундестаг – Еуропаның орталық валютасы болып табылатын еуроны бірқалыпта ұстау үшін құрылатын арнайы қор құруға Берлиннің қатысуын мақұлдады.

Осы күні Еуропа Одағының қаржы министрлері еуроның тұрақтылығын сақтау шараларын талқылау үстінде. Грекиядағы ауыр қаржы дағдарысы еуроның халіне теріс әсер етіп отыр.

Грекиядай проблеманы болдырмау үшін еуроаумаққа кіретін өзге елдерде 750 миллиард еуроны құрайтын арнайы қор құру жоспарланған.

Неміс канцлері Ангела Меркель ЕуроОдақтың қаржы және бюджет ережелерін бұзған елдерге міндетті түрде жаза қолдануға шақырды.
XS
SM
MD
LG