Accessibility links

Алматы соты Маржан Аспандиярова шағымын қанағаттандырмады


Алматы қалалық соты бүгін «Азат» жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының өкілі Маржан Аспандиярованың әкімшілік сот шешіміне апелляциялық шағымын қанағаттандырмады.

Әкімшілік сот 17-ші сәуірде Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойған бірқатар азаматтарды рұқсат етілмеген митинг өткізді деп айыптап, Мұхтар Шахановқа 10, Болат Әбіловке 50, Маржан Аспандияроваға 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салған еді.

Аспандиярова енді БҰҰ-нын жанындағы адам құқығын қорғау жөніндегі комитетке шағым түсіруді жоспарлап отыр.
XS
SM
MD
LG