Accessibility links

Путин Бішкекті саяси өлара шақтан тезірек шығуға шақырды


Ресей премьер-министрі Владимир Путин Қырғызстанның уақытша үкіметінің жетекшілерін саяси өлара кезеңнен тезарада шығуға шақырды. "Мир" телеарнасына берген сұхбатында Путин Қырғызстандағы жағдайды "күрделі және белгісіз" деп сипаттады. Путиннің айтуынша, Мәскеу Бішкекке гуманитарлық көмек ретінде ақша мен мұнай өнімдерін және астық жіберу жөнінде шешім шығарған.

Қырғызстанда сәуір айындағы толқулар барысында президент Құрманбек Бакиев биліктен қуылып, елде дағдарыс жалғасып жатыр.
XS
SM
MD
LG