Accessibility links

Ташкентте Шанхай ынтымақтастық ұйымының жиыны өтті


Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің сыртқы істер министрлері "лаңкестік пен сепаратизмге және экстремизмге" қарсы күрестегі ынтымақтастығын нығайтуға ниеттеніп отыр. Бұл туралы олар сенбі күні Ташкенттегі кездесу барысында мәлімдеді.

Өзбекстан сыртқы істер министрі Владимир Норовтың айтуынша, министрлер Шанхай ынтымақтастық ұйымына жаңа мүшелерді қабылдау туралы жобаны мақұлдаған. "РИА-новости" агенттігінің хабарлауынша, аталмыш ұйымның кеңеюі үшін заңды негіз жасалып отыр.

Ресей, Қытай, Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан елдері мүше боп табылатын Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті маусым айында өтеді.
XS
SM
MD
LG