Accessibility links

Қазақстанға Түркия президенті келді


Бүгін Қазақстанға ресми сапармен Түркия президенті Абдулла Гүл келді. Шымкент әуежайында оны Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қарсы алды.

Төрт күнге созылатын Түркия Президентінің сапары Түркістаннан басталады деп жоспарланып отыр. Онда Нұрсұлтан Назарбаев пен Абдулла Гүл Қожа Ахмет Иасауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті мен Иасауи кесенесіне барады. Мемлекет басшылары профессорлар мен оқытушылардың, студенттердің алдында сөз сөйлемек.


Дүйсенбі күні түстен кейін Түркия президентінің ресми сапары Астанада жалғасады.
XS
SM
MD
LG