Оңтүстік Корея «Чхонан» корветінің апат болуы туралы істі БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің қарауына бермек. Дүйсенбі күні ел президенті Ли Мен Бак солай деп мәлімдеді.
«Чхонан» корветі наурыздың 26-сында Сары теңізде суға батып кетіп, 46 теңізші қаза тапты. Халықаралық тергеушілер тобы корветтегі жарылысқа торпеда соққысы себеп болғанын айтып отыр.
Ал Солтүстік Корея барлық айыптауларды жоққа шығарып, егер Оңтүстік Корея Солтүстікке шабуыл жасаса, «қатты соққы берілетінін» мәлімдеді.