Accessibility links

Ямайкадағы қақтығыстардың кесірінен төрт адам қаза болды


Ямайкада қауіпсіздік күштері мен наркобарон Кристофер Коуктің жақтастары арасындағы қақтығыстар кезінде кем дегенде төрт адам қаза болды. Олардың арасында екі полиция қызметкері мен бір сарбаз бар.

Ямайка астанасы Кингстондағы қақтығыстардың басталғанынан екі күн болды.

Елдің премьер-министрі Брюс Голдинг қаланың бірқатар ауданында төтенше жағдай жариялады. Ямайка билігі АҚШ "кокаин және қару саудасымен айналысты" деп айыптаған Кристофер Коукты ұстау операциясын жүргізіп жатыр.
XS
SM
MD
LG