Accessibility links

Қаржы полициясы: агроинспекция комитетінің төрағасы ұсталды


Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіп кешендерін мемлекеттік инспекциялау комитетінің төрағасы Серік Сүлейменов 22 мамырда Астанада қаржы полициясының өкіліне 50 мың доллар пара беру кезінде ұсталды. Бұл туралы ҚазТАГ агенттігіне қаржы полициясының ресми өкілі Мұрат Жұманбай хабарлады.

Қаржы полициясы өкілінің айтуынша, «Серік Сүлейменов, өзінің қызмет бабын асыра пайдаланып, үш мәрте уақытша басқару енгізген», соның кесірінен 5 мың 200 тонна астық көгеріп, 168 миллион теңгенің астығы ысырап болған.

Сүлейменов ұсталған күні-ақ оған қарсы қылмыстық іс қозғалып, ертесіне айыптар тағылды деп хабарланды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG