Accessibility links

АҚШ өкілі Бішкекке барады


АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері бойынша көмекшісі Джордж Крол бүгін Қырғызстанға барады. Бішкектегі АҚШ елшілігінің хабарлауынша, Крол уақытша үкіметтің ресми өкілдерімен және азаматтық қоғам өкілдерімен кездеседі.

Қырғызстанда сәуір айындағы толқулар барысында президент Құрманбек Бакиев биліктен құлатылып, Минскіге ұшып кеткен болатын.

Қырғызстан АҚШ үшін маңызды мемлекет деп есептеледі себебі бұл елде АҚШ әуе базасы бар.
XS
SM
MD
LG