Accessibility links

Қазақстанда киіктердің жаппай қырылуының себебі анықталды


Ақбөкендердің жаппай қырылуына пастереллез себеп болған. Бұл жөнінде агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төраға орынбасары Ахметжан Сұлтанов айтты. Оның мәліметінше, үш мыңнан астам киік қырылған.

Осы күндері Батыс Қазақстан өңіріне дезинфекция жұмыстары жүргізіліп, жануарлар өлекселері жиналуда. Ал үй жануарларына екпе егіп жатырмыз деп мәлімдеді инспектор Сұлтанов.

18-20 мамырда батыс өңіріндегі Жәнібек ауылында киіктердің жаппай қырылуы белең алған еді. Бұл өңір ақбөкендердің негізгі жайылатын мекені болып саналады. Кейін 4 мың 500 гектар алқапта үш жарым мың киіктің өлгені анықталды. Олардың 90
пайызы аналық. Бүгінде Қазақстанда бар-жоғы 81 мың ақбөкен мекендейді.
XS
SM
MD
LG