Accessibility links

Оңтүстікте конго-қырым қанды безгегінен тағы бір адам көз жұмды


Оңтүстік Қазақстан облысында конго-қырым қанды безгегінен бір ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

"Шымкенттегі жұқпалы аурулар ауруханасына Береке ауылының 54 жастағы тұрғыны "ауыр түрделі өткір энтероколит" деген диагнозбен жатқызылған. 2010 жылдың 18 мамырында сағат 13.10-да науқас қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылған, ол сағат 14.30-да қайтыс болды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

25 мамырда оған "конго-қырым қанды безгегі" деген түпкілікті диагноз қойылды. Қазір науқаспен байланыста болған 63 адам дәрігердің бақылауына алынды.

Жыл басынан бері Оңтүстік Қазақстанда аталмыш диагноз тоғыз адамда анықталып, үшеуі қайтыс болды.
XS
SM
MD
LG