Accessibility links

Ямайка премьері елді тәртіпке шақырды


Ямайка премьер-министрі Брюс Голдинг елде соңғы үш күн бойы жалғасып жатқан қақтығысты тоқтатуға шақырды. Соңғы ақпараттарға қарағанда елдегі қауіпсіздік күштері мен наркобарон Кристофер Коуктің жақтастары арасындағы қақтығыстар кезінде 30-да аса адам қаза болды.

Ямайка астанасы Кингстонда төтенше жағдай жарияланып, 200-ден аса адам ұсталды.

Ямайка билігі АҚШ "кокаин және қару саудасымен айналысты" деп айыптаған Кристофер Коукты ұстау операциясын жүргізіп жатыр. Әзірге, өзін адал кәсіпкермін деп білетін Коуктың қайда жасырынып жатқандығы белгісіз.

XS
SM
MD
LG