Accessibility links

Таиландта жарылыстан адамдар қаза болды


Бүгін, Таиландтың оңтүстігіндегі Яла қаласында болған екі жарылыстан кем дегенде екі адам қаза тауып, 30-ға жуық адам жарақат алды.

Полицейлер, жарылыстарға оңғы алты жыл бойы елдің оңтүстігін қоқынышта ұстап келе жатқан экстремистік топты кінәлап отыр. Олар ешқандай талап қоймайды, дегенмен соңғы алты жылда осы сынды жарылыстардан төрт мыңға жуық адам қаза тапқан.

Бұл аймақ 1902 жылы Таиландқа қосылғанға дейін жекелен Малазиялық мұсылман сұлтанаты болып келген.Содан бері елдің осы аймағыда қақтығыстар тиылар емес. 2004 жылдың қаңтарынан бері жағдай ушығып барады.

XS
SM
MD
LG