Польша президенті Лех Качинскидің ұшағының Ресейдің Смоленск қаласының түбінде апатқа ұшырауына экипаж жол берген қателік себеп болған. Бұл туралы Польшаның Авиациялық оқиғаның себебін тексеру жөніндегі мемлекеттік комиссиясының жетекшісі Эдмунд Клих мәлімдеді.
Оның айтуынша, «ұшқыштар ұшақтың автоматтық қауіпсіздік жүйесі хабарлаған қауіп туралы барлық ескертуге құлақ аспаған, осылайша олар шектен тыс тәуекелге барған», деп жазады Польшаның «Речьпосполита" басылымы.
Сәуірдің 10 күні Катыньдағы аза тұту шарасына қатысу үшін келе жатқан Президент Лех Качиньски бастаған үкіметтік делегацияның Ту-154 ұшағы Смоленск маңында апат болған еді. Ұшақтағы 96 адамның барлығы қаза болды.