Accessibility links

«Назарбаевтың ескерткіші бірінші Анкарада емес, Астанада орнатылуы тиіс» деді депутат


Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші Анкарадан бұрын Астанада орнатылуы тиіс. Бүгін Қазақстан парламенті мәжілісінің жалпы отырысында депутат Тито Сыздықов осындай бастама көтеріп, мәлімдеме жасады.

Өз сөзінде депутат Анкара қаласының орталығында Қазақстанның тәуелсіздігін қалыптастырып, оның орнықты дамуы үшін зор үлес қосқан Н.Назарбаевтың ескеркіші болатыны ұлтымыз үшін үлкен мақтаныш екенін атап өтті.

«Осы мәселеге жеке азаматтық көзқарасымды білдіргім келеді. Неге Қазақстанның астанасында Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші Анкара қаласында салынатын ескерткіштен бұрын орналаспауы керек? Шындығында осы мәселені Парламент депутаттары айқындап, оның дұрыс шешім табуы үшін нақты қадамдар жасауы тиіс», - деді Т.Сыздықов.
XS
SM
MD
LG