Accessibility links

Мәскеу уран айырбастау туралы келісімді қолдайды


Бейсенбі күні Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров Иранның ядролық реакторларына қажетті жақсы байытылған уранды оның төмен байытылған уранына айырбастау туралы Иранның Түркиямен және Бразилиямен арадағы келісімін Кремльдің қолдайтынын мәлімдеді.

Оның атап көрсетуінше, уранды айырбастау туралы келісім Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі проблеманы бейбіт жолмен шешудің талабына лайық.

Бұл келісім Иранға қарсы қабылдануы мүмкін санкциялардан бас тартуға түрткі болуы ықтимал.

Теһранның бейбіт ядролық бағдарламасының астарында жойқын қару жасау мүддесі жатыр деп есептейтін Батыс елдері Иранның Түркиямен және Бразилиямен арадағы бұл келісіміне онша үміттенбейді.
XS
SM
MD
LG