Бүгін Украинаның сыртқы істер министрі Константин Грищенко Киев НАТО одағына қабылдану мәселесін күн тәртібінен алады деп мәлімдеді. Сонымен бірге Украина Солтүстікатлантикалық альянспен арадағы қарым-қатынасын дамыта береді.
Грищенконың айтуынша, Украинаның НАТО-ға кіруін халықтың көпшілігі қолдамайды және сыртқы саясаттың екпінділігіне теріс әсер етеді.
Оның алдында Украинаның Ұлттық қауіпсіздік пен қорғаныс кеңесі хатшысының бірінші орынбасары Степан Гавриш Киевтің НАТО-мен ынтымақтастығы - Мәскеумен стратегиялық әріптестік құруына қайшы келмейді деп мәлімдеген болатын.