Accessibility links

Бішкек: тәжіктер өзбек үкіметіне қарсы ереуіл өткізді


Бейсенбі күні Қырғызстандағы тәжік диаспорасы мен Бішкекте оқитын Тәжікстан студенттерінің 50-ге тарта адамнан тұратын тобы Бішкектегі Өзбекстан елшілігі алдында ереуіл өткізді.

Тілшіміздің хабарлауынша, олар өзбек билігінен Тәжікстанға арналған қайырымдылық жүгін өзбек шекарасынан өткізуді талап етті. Ол жүк су тасқыны мен лай көшкінінен жапа шеккен Тәжікстан тұрғындарына арналған. Бір мәліметке сәйкес, өзбек-тәжік шекарасында қайырымдылық көмегі тиілген 2 мыңдай вагон тоқырап тұр.

Оның алдында ресми Ташкент Тәжікстанның оңтүстігіндегі Хатлон облысымен арадағы теміржол қатынасын уақытша тоқтатты.

Ресми хабар бойынша оған Өзбекстанның Амузанг пен Термез бекеттері арасындағы 11 шақырымдық теміржол торабын шайып кеткен су тасқыны көрінеді.
XS
SM
MD
LG